Бүгін ауа райы қандай болады?
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 7 маусымға арналған ауа райы болжамы
1,329
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты бүгін де тұрақсыз ауа райы сақталады.

Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде бұршақ күтіледі. 

Бүгін республиканың оңтүстік-батыс аймағында ғана жауын шашын болмайды.

Ел аумағы бойынша жел күшейіп, күндіз оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. 

Күндіз Алматы, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Сондай-ақ, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының батасында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында да төтенше өрт қаупі бар.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.