Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы метросының қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырған
Фото: ortcom.kz
1,149
оқылды

Квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі заңбұзушылықтарын қадағалау барысында Алматы метросы қызметкерлерінің бюджет қаржысын жымқырғаны анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Метрополитен» КМК қызметкерлері локомотивтерге арналған бастапқы резеңке серіппелерді 137 миллион теңгеге көтерілген бағамен сатып алған.

– Бұл тұжырымды Метрополитеннің аудиторлық есебі де растады, осыған байланысты көлік прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оны қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат таратуға жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы  1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кінәсіз болып саналады, – делінген хабарламада. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.