Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының» экс-вице-президентіне қатысты үкім шығарды. 
«Қазақфильмнің» вице-президенті сотталды
Фото: kz.kursiv.media
5,468
оқылды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ вице-президенті сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Антикорға сілтеме жасап. 

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті С.Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. 

Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы шеңберінде салынған «Түркістан қаласы» Бутафорлық бекінісін заңсыз іске асыру арқылы, нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен мемлекетке залал келтіре отыра жымқырғаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Сонымен қатар активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.