Желі қолданушылары өнер иесінің осы күнге дейін көліксіз жүргеніне таңданысын жасырмады.
«Бағалы сыйлық алып көрмеппін»: тосынсыйға ие болған Жұлдызай Дүйсенбиева жылап қалды
Фото: видеодан кадр
14,161
оқылды

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваға белгілі дизайнер Ғани Көбеев көлік сыйлады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.  

Мұндай қымбат сыйлық алып тұрғанына сенбеген өнер иесі көз жасына ерік беріп, дизайнерге алғыс білдірді.  

“Осы күнге дейін қанша жерде еңбек еттім. Еңбегім дәл осылай бағаланбапты. Әлі сенбей тұрмын. Бұрын-соңды ешкімнен бағалы сыйлық алып көрмеппін. Қатты қуанып тұрмын. Көлігіңе емес, көңіліңе рақмет”, – деді актриса.

Желі қолданушылары өнер иесінің осы күнге дейін көліксіз жүргеніне таңданысын жасырмады.  

"Ғани мырзаның танылуына Жұлдызай ханымның еңбегі орасан ғой. Актерлік қырын ашып, кәсібін дөңгелетіп берді. Сол жақсылығын бағалаған Ғани мырза да мәрт екен", "Құтты болсын! Жылап қалдым қосылып", "Жұлдызай, сенің аппақ көңіліңнің жемісі бұл. Соны бағалаған Ғани қандай мықты жігіт! Өрлей беріңіздер", деп жазды оқырмандар. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Гани Кубеев (@gani_kubeev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.