Ұлытау облысының мектептері жаңа көлікпен қам­тылды. Аймақтағы мектептерге арнайы сатып ал­ынған 10 шағын автобустың кілтін өңір басшысы Берік Әбді­ғалиұлы табыс етті.
Бар жақсымыз – балаларға
425
оқылды

Шағын автобустар Маруа Құл­­­­ұшева атындағы қиын өмір жағ­­­дайындағы балаларды қолдау орталығына, Жезқазған қаласы білім бөлімінің №9 мектеп-интернатына, Қаражал қаласы білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебіне, Жаңаарқа ау­данының Сәкен Сейфуллин ат­ын­дағы, Ақ­тау ауылдық, Жанайдар Саду­ақа-с­­ов атындағы, Ынты­мақ мектебіне, Ұлытау ауданы Жезді мектеп-интернатына, Ұлы­тау ауданы №7 және №4 ЖББ мек­те­біне берілді. 

– Облысымызда 88 мектеп бар болатын болса, оның 18-інде 1 026 оқушы мектепке тасымалданады. Қазіргі қолданыстағы мектеп автобустарын кезең-кезеңмен жа­ң­ар­­туды жоспарлап отырмыз. Был­тыр 10 мектеп авто­­бусын са­­тып алу үшін жергіл­ік­ті бюджет­тен 462 млн теңге бөл­інді. Сонымен қатар Ұлытау аудан­ының мектептеріне 60,5 млн теңгеге 5 автокөлік сатып ал­ынды.  Автобустар мектептерге бер­­ілді, бала­лардың игілігі үшін пай­­­да­лануда,  – деді облыс әкімі Бе­рі­к Әбді­ғали­ұлы жиында. 

Айта кету керек,  өңір балаларына, оның ішінде шалғай ауыл­дардағы оқушылардың қол­айлы жағдайда білім алуына жол ашу мақсатында Ұлытау облысы құ-р­ылғалы екі жылдың ішінде 26 кө­­­­­­­л­­ік табыс етілген болатын. 

Мұндай игілікті шара алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Ұлытау облысы