Сол себептен аспалы көпірде кеше қозғалыс тоқтап қалды.
Семейде мопед мінген әйелдің кесірінен бірнеше көлік соқтығысты
1,067
оқылды

Мотокөлік жүргізушісінің кесірінен бірнеше автокөлік бір-бірімен соқтығысты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

7 маусымда 31 жастағы мопед жүргізушісі аспалы көпірмен сол жағалау бағытында келе жатып, рульді  басқара алмай, аударылып қалған. Мопедтің артында келе жатқан MAZDA көлігінің жүргізушісі төңкерілген мотокөлік пен оның жүргізушісіне соқтығыспау үшін бірден тежегішін басқан. Салдарынан одан кейінгі көліктер бір-біріне соқтығысады.

"Жол-көлік оқиғасының қатысушылары 3 көлік болды. Үш адам ауруханаға жүгінді. Мотокөлік жүргізген әйел адам зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында болған патрульдік полиция экипажы қазір барлық жағдайды анықтап жатыр", – дейді Абай облысының Полиция департаменті.