Ақпаратты БАҚ-қа Антикор растаған.
Ақтау қалалық сотының төрағасы тергеліп жатыр
1,434
оқылды

Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин тергеуге алынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын растайды", - делінген агенттік хабарламасында.