Анара Батырхан жасы 30-дан асса да, тұрмыс шықпай жүргеніне танымалдығы кедергі екенін түсіндірді.
«Жігіттердің танысуға батылы жетпейді»: актриса Анара Батырхан неге тұрмысқа шықпай жүргенін айтты
Фото: instagram.com/anarabatyrkhan
10,203
оқылды

Актриса, блогер Анара Батырхан "Мамский әңгіме" жобасында тұрмысқа шықпауының себебін айтты, - деп жазды Aikyn.kz.

Ол айналасынан «Қашан күйеуге шығасың?» деген сұрақты көп еститінін айтады.

«Қашан күйеуге шығасың?» деп сұрайтын адамдарды жиі кездестіремін. Тіпті, «Тұрмысқа шық, кемпір болдың» дейтіндер де бар. Бетіме келіп айтады, жүзбе-жүз көрмесек, парақшама жазады. Осы сұрақтан қашып, шаршап жүрмін, шынымды айтсам. Үнді әнін айтсам да, киім алсам да, құрбыларыммен жолықсам да, бәрінің сұрайтыны – бір сұрақ», ― дейді ол.

Сондай-ақ Анара Батырхан жасы 30-дан асса да, тұрмысқа шықпай жүргеніне танымалдығы кедергі екенін түсіндірді.

«Танымал болғанға дейін ықыласын білдіретін жігіттер көп болатын. Өйткені танымайды. Қазір жігіттер қорқатын сияқты менен, кәдімгідей қорқады. ...Мысалы, кеше бір тойға бардым. Жігіттер қарайды, бірақ келіп танысуға батылы жетпейді. Үйге келгенде қарасам, хат жазады. «Анара, қандай әдемісіз, сізбен танысқым келіп еді» деп. «Неге таныспады?» деген сұрақ қоямын. Менің ойымша, таныспауының себебі – өзіне деген сенімсіздік. «Бұл жағдайын жасап алған, Мальдив аралынан үй алып беру керек» деп ойлайтын сияқты. Бірақ мен қатты бай жігітті қаламаймын. Болашағы бар жігіт болса және асырай алса болды», - дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.