Елімізде құжаттарды сақтайтын 236 мемлекеттік архив бар.
Ұлттық архив қорында қанша құжат сақталған?
Фото: ortcom.kz
1,113
оқылды

9 маусым – Халықаралық архивтер күні. Бұл кәсіби мерекені 2007 жылы қарашада Квебек қаласында өткен Бас ассамблеяда Халықаралық архив кеңесі (International Council on Archives, ICA) ресми түрде бекітті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, мерекенің датасы кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы күні 1948 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен Халықаралық архив кеңесі құрылды. Бұл ұйымның құрылған күніне орай Халықаралық архив күні бекітілді. Ал 2008 жылы алғаш рет мереке тойланған кезде ХАК-тің құрылғанына 60 жыл толды. Әр мемлекеттің архив саласына қатысты мерекесі түрлі даталарға белгіленгенмен, бұл күн әлемдегі барлық архившілердің басын біріктіреді.

Елімізде құжаттарды сақтайтын 236 мемлекеттік архив бар. Соның ішінде 5 республикалық, 5 арнаулы, 1 Президент архиві және 225-і облыстық, қалалық, аудандық архивтер жұмыс істейді.

Республика бойынша архив қызметкерлерінің саны – 3368 адам. Еліміздегі барлық архивтер Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңына сай қызмет атқарады.

Архив қоры жыл сайын орта есеппен 16 мыңнан астам ұйымнан 300-400 мың іспен толықтырылады. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық архив қорында 27,5 млн-нан астам құжат сақталады.

Архив халықтың деректі жадының сақтаушысы ретінде елдің зияткерлік меншігі мен мәдени игілігінің тұтастығымен сақталуын қамтамасыз етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.