ТЖД қызметкерлері суға батып бара жатқан әкесін құтқарды.
Маңғыстау облысында жас жігіт суға батып көз жұмды
Фото: ТЖМ
997
оқылды

Маңғыстау облысында жас жігіт суға батып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде "Шора" каналында 2003 жылы туған жас жігіт суға батып кетті. Қайғылы оқиға шомылуға жабдықталмаған жерде болған. 

ТЖД қызметкерлері суға батып бара жатқан әкесін құтқарды. Ал баласы – 21 жастағы тұрғынның денесі жедел құтқару жасағының күшімен, жағадан шамамен 130 метр қашықтықта, 2,5 метр тереңдіктен табылды.

«ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды», – деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.