Астаналық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн Бен Талал көшесінің қиылысында Қабанбай батыр даңғылын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 22:00-ден 10 маусым сағат 22:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.