Отандық компаниялар үшін бұл сату көлемін бірнеше есеге арттыруға, дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Жазғы Kaspi Жұма 21-23 маусым аралығында өтеді
1,443
оқылды

21-23 маусым аралығында қазақстандықтардың Kaspi.kz-тегі сүйікті әрі тиімді сатып алу мерекесі – Kaspi Жұма өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзенің айтуынша, мерекеге қазақстандық және халықаралық жетекші брендтер, сондай-ақ бүкіл ел бойынша үздік дүкендер қатысады.

«Жаз – әрқайсымыз үшін белсенді маусым. Сүйікті клиенттеріміз үйіне жөндеу жүргізеді, саяжайын абаттандырады, спортпен шұғылданады, отбасымен және достарымен демалысқа аттанады. Сондықтан Kaspi Жұманы жазда өткізейік деп шештік. Мерекеге дәстүрлі түрде қазақстандық және халықаралық жетекші брендтер, сондай-ақ бүкіл ел бойынша үздік дүкендер қатысады. Сүйікті клиенттеріміздің тиімді сатып алуына, серіктестеріміздің керемет сатуына тілектеспіз!», – деді Михаил Ломтадзе. 

Саяжай бассейндерін, мангал, ыдыс, велосипед пен роликті, ең жақсы курорттарға тиімді турларды, сондай-ақ құрылыс тауарларын, тұрмыстық техниканы, электрониканы, киімді, аяқкиімді, әшекей бұйымдарды және тағы басқасын Kaspi Жұмада еліміздің танымал дүкендерінен және Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен сатып алуға болады.

Сатып алушыларға сатып алған заттарын үйге дейін немесе жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа тегін жеткізу қызметі бар.

Мерекеге шағын және орта бизнестің он мыңдаған компаниялары, сондай-ақ Adidas, ADILI, Alina Group, Alser, EuroMebel, EVRIKA, Intertop, Invictus, Қазақювелир, Kari, KIMEX, Комфорт, Мечта, Mon Amie, Leroy Merlin, Nike, Pandora, Qazaq Republic, RESPECT, Sportmaster, Sulpak, Technodom, Zeta, 1Fit, 12 МЕСЯЦЕВ сияқты жетекші қазақстандық және әлемдік брендтер және тағы басқасы қатысады.

Әр Kaspi Жұмаға қазақстандық кәсіпкерлер – Kaspi.kz-тің серіктестері көптеп қатысуда. Отандық компаниялар үшін бұл сату көлемін бірнеше есеге арттыруға, дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.