"Қазақтелеком" АҚ негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Қазақтелеком» басшысы жаңа қызметі туралы айтты
Фото: instagram.com/bagdatmussin
1,664
оқылды

"Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалған Бағдат Мусин жаңа қызметі жайлы жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мусин "Қазақтелеком" АҚ негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Бүгін "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалдым. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Компанияның одан әрі дамуы үшін командамен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерімізді саламыз. "Қазақтелеком" АҚ – негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз", – деп жазды ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Bagdat Mussin (@bagdatmussin)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.