«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының ұйымдас­тыруы­­мен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар жан­дар­дың қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті.
Қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі
796
оқылды

Шараға қатысушы ерекше қажеттілігі бар жандар ерекше белсенділікпен қа­тыс­ты. Қолдары алтын көңілдері шат жандардың қолынан шыққан дүниелер шынымен де ерекше. Мүмкіндігі шек­теу­лі азаматтар өздерінің жасаған бұйым­дарын көпшілікке көрсетіп қана қой­май, өз қолдарынан шыққан туын­ды­ларын сатуға да мүмкіндік алды. 

«Мен мұндай жәрмеңкенің бола­ты­нын кездейсоқ естіп қалдым да, өзге ша­­­руаны қойып арнайы келдім. Бәрі ке­ремет. Тіпті, денсаулығында кінәраты бар жандардың епті қолдарының ерек­шелігіне таң қалдым. Әшекей тастармен тіз­бектеп жасаған қол сөмкелер маған қат­ты ұнады. Тіпті, мін жоқ десем бола­ды. Кез келген жерге ұстап барсаң, өзге­лер­дің ықыласы ауатыны анық. Өзіме ұна­ған соң сатып алдым», – дейді жәр­мең­кеге келген Нұргүл Басымова. 

«AMANAT» партиясы мүмкіндігі шек­теулі азаматтарға қолдау көрсете оты­рып, қоғамды мейірімділікке, тең­дік­ке, өзара құрметке бөлеуге шақырды.  Сон­дай-ақ жәрмеңке барысында облыс­тық, қалалық, аудандық мәслихат депу­тат­тары мен өңірдегі қоғамдық бірлестік өкіл­дері, тұрғындар ерекше қажеттілігі бар жандардың қолөнер бұйымдарын са­тып алды. Жалпы, жәрмеңке бары­сын­да 800 мың теңгенің қолөнер бұйым­дары сатылғаны белгілі болды. 

Берік БЕК