Видеода жерге дастарқан төселгенін көруге болады.
«Құрылысқа жұмысқа кірген бе?»: Бекболат Тілеуханның видеосы қызу талқыға түсті
1,713
оқылды

TikTok-та Бекболат Тілеуханның Түркияда бір топ азаматпен тамақтанып отырған видеосы тарады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Видеода жерге дастарқан төселген. 

"Бауырым, кішкентай табақ әкеліп бересің бе?", - дейді Бекболат Тілеухан түрік тілінде.

Видеоға желі оқырмандары түрлі пікір жазды. 

"Малдас құрып, төрде, кілемнің, көрпенің үстінде отыратын қазағым-ай, көк цементтің үстінде,  тар жерде қыстырылысып отырған түрлерін-ай", "Тілеуханға не болып кеткен? Құрылысқа жұмысқа кірген бе?", "Әй, өмір-ай десеңші, кешегі қазақтың мен деген бетке ұстар азаматының бүгінгі жағдайы, ортасы... Кімді кінәлаймыз бұған, дінмен, жемқорлықпен, жағымпаздықпен адасушылыққа ұштасқан сайқал саясат па...", «Ойбай, мынаған не болған», «Бекболат аға, бұрын сізге қарап, қазақ болғаныма қуанатын едім. Дастарқанның мәнісі болмай тұр, Қазақстанда шалқып, қазы-қарта жеп жүр едіңдер, қайран қазағым. Бекболат депутат болғанда тәуір еді», — деп жазған желі қолданушылары. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.