Қайғылы оқиға Алматы – Екатеринбург тасжолында болған.
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты
Видеодан скриншот
1,765
оқылды

Қарағанды ​​облысында тасжолда екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан екі адам қайтыс болды. Тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ПД мәліметінше, 10 маусым күні сағат 09:59 шамасында Алматы – Екатеринбург тасжолының 655-шақырымында екі MAN жүк көлігі соқтығысып, апатқа ұшыраған.

"Жол апаты салдарынан жүк көлігінің бірінің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 31 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Екінші көліктің жүргізушісі мен бірінші жүк көлігінің үш жолаушысы (барлығы ересектер) медициналық мекемеге жеткізілді", –  делінген хабарламада. 

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Желіде жүк көліктерінің бірінде балалар болғаны жөнінде ақпарат тарады. Алайда ведомство өкілдері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.


Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.