Құжат 17 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылған.
Елімізде 1 шілдеден бастап автогаз бағасы қымбаттайды
Фото: koleso.kz
7,052
оқылды

Қазақстанда 1 шілдеден бастап автогаз бағасы қымбаттайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Энергетика министрлігі  еліміздегі автогаз құю стансалары үшін тауар биржаларынан тыс ҚР ішкі нарығына сұйылтылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйылтылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын өзгертпек.

Сұйылтылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасының жоспарлы қымбаттауына байланысты 2024 жылғы 1 шілдеден бастап автогаз құны:

  • Астана – литріне 84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Алматы – 89 теңге (қазір 81 теңге);
  • Шымкент – 70 теңге (қазір 64 теңге);
  • Ақтөбе облысы – 59 теңге (қазір 54 теңге);
  • Атырау облысы – 59 теңге (қазір 54 теңге);
  • Ақмола облысы – 84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Алматы облысы – 89 теңге (қазір 81 теңге);
  • Шығыс Қазақстан облысы – 84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Жамбыл облысы – 78 теңге (қазір 71 теңге);
  • Батыс Қазақстан облысы – 70 теңге (қазір 64 теңге);
  • Қостанай облысы – 84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Қызылорда облысы – 70 теңге (қазір 64 теңге);
  • Қарағанды облысы – 84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Маңғыстау облысы – 59 теңге (қазір 54 теңге);
  • Павлодар облысы – 81 теңге (қазір 74 теңге);
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 89 теңге (қазір 81 теңге);
  • Түркістан облысы – 70 теңге (қазір 64 теңге);
  • Абай облысы – 84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Жетісу облысы – 84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Ұлытау облысы – 84 теңге (қазір 76 теңге).

Бұйрық 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Құжат 17 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылған.