2024 жылы жолдың 11 учаскесінде, ал 2025 жылы жалпы ұзындығы 3,3 мың шақырым болатын тоғыз учаскеде жол жүру ақысын енгізу жоспарлануда.
Еліміздегі ақылы жолдардың тізімі жарияланды
2,550
оқылды

ҚР Көлік министрлігі 2024 және 2025 жылдары қандай жол учаскелері ақылы болатынын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жол жүру құны жолдар санатына және көлік түрлеріне байланысты болады.  

2024 жылы келесі учаскелер ақылы болады:  

Қызылорда-Арал (455 км)  

Ақтөбе-Ресей шекарасы Орынбор (92 км)  

Қандыағаш-Мақат (332 км)  

Шу-Бурылбайтал (184 км)  

Үшарал-Достық (180 км)  

Тараз қаласын айналып өту (57 км)  

Қостанай-Денисовка (169 км)  

Балқаш-Бурылбайтал (91 км)  

Қарағанды қаласын айналып өту (48 км)  

Ақтау-Бейнеу (454 км)  

Қостанай-Ресей шекарасы Троицк (163 км)  

2025 жылы келесі учаскелер ақылы болады:  

Талдықорған-Өскемен (768 км)  

Қарағанды-Балқаш (363 км)  

Атырау-Астрахань (277 км)  

Бурылбайтал-Күрті (228 км)  

Балқаш-Бурылбайтал (197 км)  

Мерке-Шу (78 км)  

Ақтөбе-Қандыағаш (96 км)  

Күрті-Қонаев (67 км)  

Жетібай-Жаңаөзен (58 км)