Сот процесі жабық өтеді.
Асырап алған балаларын қорлаған емшінің ісін қарайтын судьяның есімі белгілі болды
Коллаж Kazinform
903
оқылды

Шымкентте қамқорлығына алған 6 баласына қатыгездік танытты деп айыпталған жергілікті емшінің қылмыстық ісін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Болат Қарабаев қарайтын болды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық соттың мәліметінше, алғашқы отырыс 18 маусымға белгіленген. Сот процесі жабық өтеді.

Бұған дейін Шымкентте жергілікті емші 6 баланы қамқорлыққа алып, оларға ит пен мысықтың етін беріп, мал бақтырып, үш жылдан бері азаптап келгені жазылған.

Осы оқиғадан соң аймақтағы білім саласының бірқатар қызметкері жазаланды.