Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері өңірде 1846 сәби дүниеге келген.
Оның ішінде, нәрестелердің 961-і ұл, 885-і қыз бала.
Айта кету керек, тасқын уақытында жылыойлық 8 нәресте Маңғыстау облысында өмірге келді. 5-7 сәуір күндері Маңғыстау облысының Бейнеу ауруханасында алты, 8 сәуір күні Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында бір сәби туған.
Еске сала кетелік, 7 сәуірде Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Төтенше жағдай кезінде тасқынмен күреске облыс бойынша екі ай ішінде 17 549 адам және 1800 бірлік техника жұмылдырылды. Оның ішінде, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық Ұлан гвардиясы, ҰҚК Шекара қызметі, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен еріктілер бар.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.