Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша республикалық call-орталықтың жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Енді 8 (7172) 570 950 нөміріне хабарласып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініш қалдыруға болады. Оның ішінде емделуден және көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.
Әрбір шағым мұқият қаралып, тиісті медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.