11 маусымда Астана қаласының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, медиаменеджер, психология ғылымдарының кандидаты Арман Давлетияровтың төрт бірдей кітабының тұсаукесері болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Айман Ана», «Мама Айман», «Қалам ұшындағы ой», «Мәскеулік Шыңғысханның хикаясы» кітаптарының қазақ тілінде жарық көруі автордың тарихи отанындағы басты жаңалығы. Мерекелік шара театрландырылған қойылым мен «Айман Ана» кітабының тұсаукесерімен ашылды.
Фото: Зекен Толғанай
Ана тақырыбы біз үшін шетсіз де шексіз ұғым. «Айман Ана» кітабында автор анасы Айманның өмір жолын ерекше әсерде терең әңгімелейді. Бұл кітап өмір жолын сипаттайтын әңгіме ғана емес, өз тамырына, мәдениетіне, ана тіліне және халқына деген сүйіспеншілік пен адалдық туралы ода. Айман оқырманға табандылық пен даналықтың нышаны, сүйіспеншілік пен адалдық арқылы өмірдің барлық сынақтарын жеңіп, жан дүниесінде бақытты сақтай білген жанның үлгісін көрсетеді.
Тұсаукесерге шоу-бизнес, БАҚ өкілдері, кітап құрастырушылар, баспа өкілдері және басқа да мәртебелі қонақтар қатысты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.