Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды
1,690
оқылды

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәжіліс комитеттері жұмысқа қабылдаған жаңа заң жобалары мыналар:

  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем алу тәртібін жетілдіру мәселелері туралы заң жобасы мен Салық кодексіне ілеспе түзетулер;
  • Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 1-бабына банк операцияларын географиялық қамтуды Сахараның оңтүстігіне қарай Африка елдеріне және Иракқа шектеулі және біртіндеп таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулерді ратификациялау жобасы;
  • Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына әдеттегі операцияларға жарғылық капиталдық шектеуді жою мақсатында түзетулерді ратификациялау жобасы;
  • ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімді ратификациялау жобасы;
  • Қазақстан мен БҰҰ арасындағы цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхит министрлік конференциясын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау жобасы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.