Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлына аяғы ауыр кездегі басынан өткен оқиғасымен бөлісті.
«Қателесті»: Ләйлә Сұлтанқызы жас кезінде болған оқиғаны айтты
Фото: stan.kz
13,843
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлына аяғы ауыр кездегі басынан өткен оқиғасымен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған ол УДЗ аппаратының қателескенін айтты.

«УЗИ қателесті. Жансерік пен Аңсаған аңсаған арманына жетті.  Өмірге шекесі торсықтай батыр ұл келді. Бір қызығы, УЗИ қыз деп, ұл босанды. Ондай жағдай өзімнің де басымнан өткен. Сардарды қыз болады деп ойлап едік. Жаратқан қуанышымызды ұзағынан қылсын. Салиқалы, білімді, саналы ұрпақтар қатарынан болғай. Жалғыз біз ғана емес, ондай жағдай болып тұрады ғой», – деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ұлын дүниеге әкелгеніне 3 сағат болғанда әріптестеріне сұхбат берген.

«Босанғаныма 3-ақ күн болған. Бүкіл денем ауырып тұрғаны анық мына жерде», – деп жазды ол.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.