Түркия соңғы жылдары жоғары білім саласында өзіне ат қойған маңызды елге айналды.
Табиғатпен, тарихпен, мәдениетпен тоғысқан білім
1,516
оқылды

Білім беру сапасымен қатар Түркия өзі­нің табиғи сұлулығы, көпмәдениетті өмірі, қабылдаушы адамдары, университеттік және бағдарламалық алуан түрлілігі жағынан тартылыс орталығы болып табылады. Түркияда оқудың 10 себебі бар:

1 – БІЛІМ САПАСЫ: Түркия жоғары білім беруде 94,2 пайыз оқу көрсеткішімен әлемдегі екінші ел болып табылады. Еуропалық жоғары білім аймағына енген Түркия Болон процесін керемет іске асырады және Болонья табелі 5-тен 5-ін құрайды. Яғни, Түркиядағы университеттен алған диплом Еуропаның барлық елдерінде мойындалады. ECTS курстық кредиттік жүйесінде Еуропаға сәйкес қолданылады және Дипломдық қосымша барлық студентке беріледі. Сонымен қатар Түркия Erasmus+аясында алмасу­ға ең табысты елдердің бірі болып табылады. Эрасмустан бөлек, Түркияда студенттер мен оқушылардың ұтқырлығын қолдайтын Мевлана, Фараби секілді көптеген алмасу бағдарламасы бар.

2 – УНИВЕРСИТЕТ ЖӘНЕ БАҒ­ДАР­­ЛАМА АЛУАНДЫЛЫҒЫ: Түркияда 208 университет жұмыс істейді. Студенттер саны 8 млн-нан асады. Студенттердің осы санымен Түркия Еуропалық жоғары білім беру аймағындағы студенттер саны ең көп бірінші ел болып табылады. 208 ЖОО-да 45 мыңнан астам бағдарлама бар. Осындай алуан түрлілікпен сіз өзіңізге сай келетін университет пен бағдарламаны міндетті түрде табасыз.

ЖЕР БЕТІНДЕГІ ЖҰМАҚ

3 – КӨПМӘДЕНИЕТТІ ӨМІР:

Мыңдаған жылдар бойы өз жерлерінде көптеген терең өркениеті қабылдаған Түркия мәдениет мозаикасы болып табылады. Сансыз өркениет орын алған бұл елде әркім бір-біріне толерантты әрі сыйластықпен қарайды. Өз тамырыңыздың бір бөлшегін тауып, өз тіліңізді білетін адамдармен кездесуге болатын Түркия өзінің қауіпсіз және бейбіт ортасымен студенттер үшін өте қолайлы.

 ТАБИҒАТ СҰЛУЛЫҚТАРЫ : Төрт маусымды бастан өткеретін Түркия өзінің табиғи сұлулығымен бүкіл әлемге әйгілі. Түркияны қоршаған теңіздерде жүзу және су спортымен айналысуға болады; Көптеген қаланың тауында шаңғы тебуге болады; Оның өзендерінде рафтингті байқап көруге, көптеген экстремалды спорт түрлерінен тәжірибе жинақтап көруге болады. Көріністерімен ғана тәнті ететін сансыз сұлулығы бар Түркияда өзіңізді жәннатта жүргендей сезінесіз.

5 – ТАРИХИ-МӘДЕНИ АЯСЫ: Терең тамыр жайған тарихқа сүйене отырып, Түркияда мыңдаған тарих және мәдениет ескерткіштері бар, олардың көбі ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы ретінде қорғалған. Күнделікті өміріңізде де жиі кездесіп қалуы мүмкін іздердің әсерін сезгіңіз келеді.

ЗАМАНАУИ КАМПУСТАР

6 – ДОСТАР: Әр қалада кем дегенде бір университеті бар Түркия студентке қолайлы ел болып табылады. Әр ЖОО-дағы әлеуметтік клубтар, спорт командалары мен мәдени іс-шаралар студенттерді біріктіреді; Ол алыс географияны жақындатады. Түркияға келгенде қаланың ең қызу нүктелері студенттердің әлеуметтенетін жерлері екенін түсінесіз.

7 – ҚОНАҚЖАЙ ХАЛЫҚ: Студент ретінде, кім көмек сұраса, өзінің барлық шынайылығымен, күлкімен бар күшін жасайды. Түріктер сізді өз қонағы ретінде қарсы алып, сізге риза болу үшін көптеген нәрселер ұсынады. Сенсеңіз, бұл жерде үйде қалу ауруына шалдықпайсыздар.

8 – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАМПУС­ТАР: 208 университеттің қайсысына бар­саңыз да, сіз жаңа технологиялармен жабдықталған заманауи және ыңғайлы кампус өмірін бастан кешіресіз.

ОРЫН АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

9 – ЖЕҢІЛ ӨМІР СҮРУ: Түркиядағы өмір көптеген елге қарағанда ыңғайлырақ. Тұру, тамақтану, сусындар мен ойын-сауық сияқты қажеттіліктеріңізді қолжетімді деңгейде қанағаттандыруға болады. Университет кампустарында немесе оның жанында орналасқан жатақханаларда болуға немесе ақылға қонымды жалдау ақысын төлеу арқылы үйді жалға алуға болады. Сонымен қатар студент ретінде қандай көлік құралдарын таңдасаңыз да, билеттерді жеңілдікті бағамен аласыз немесе кинода көргіңіз келетін фильмді арзан бағамен көресіз. Сонымен қатар Түркия Азия және Еуропа құрлықтарының ортасында тұрғандықтан, оған жету оңай ел болып табылады. Баратын сансыз орындар орналасқан Түркияны қандай көлік түрін зерттеуді таңдасаңыз да, баратын жеріңізге тез әрі ыңғайлы жетуге болады.

10 – ТҮРІК ТІЛІН ҮЙРЕНУ МҮМКІНДІГІ: Түркия университеттерінің көптеген бағдарламалсы ағылшын тілінде болуымен қатар түрік тілін үйренуге бо­ла­ды, бұл әлемдегі ең көп сөйлейтін 5-ші тіл. Сіздердің университеттеріңіз ұсын­­ған түрік курстарында жаңа тілді үй­ре­ніп, түрлі мәдениеттегі адаммен дос болу мүмкіндігіне ие бола аласыздар.