Апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.
Атырау-Ақтөбе тасжолында жол апатынан 2 адам қаза тапты
2,796
оқылды

12 маусым сағат 14.50 шамасында Атырау-Ақтөбе тасжолының 454 шақырымында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz azh.kz-ке сілтеме жасап. 

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Kia Rio және DAF жүк көлігінің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан Kia Rio автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Айта кетсек, Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі соңғы 1 жыл ішінде 4 рет жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзғаны анықталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.