Белгілі кәсіпкер, бизнесмен Тұрсын Алагөзов екінші жұбайы, продюсер Баян Мақсатқызының отбасында қандай әйел екенін айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, белгілі продюсер – ерекше адам.
«Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен шаршайтын кезі болады. Егер еркек те, әйел де некені сақтағысы келсе, олар бір-біріне қызық болуы керек. Осыны түсіну маңызды. Баян Мақсатқызымен шаңырақ көтерген кезде менің қолымда ештеңе болмады. Бәрін тартып алғанын білесіздер. Бизнесмен емес, қарапайым адам ретінде өмір сүріп көрдім. Өзіммен көбірек оңаша қалып, жұмыс істедім. Бизнестің соңында жүргенде мұның бірін де істеуге уақыт болмайтын еді", – деді кәсіпкер.
Содан кейін ол әйелімен көбірек уақыт өткізгенін есіне алды.
"Баян Мақсатқызы – өте көңілді адам. Ол үнемі қалжыңдайды, әзілдер айтады. Көңілді тақырыптарды қозғайды. Мен онымен осы тақырыпта шүйіркелесе бастаймын. Ол – ерекше адам және өте мейірімді жан. Талантты адамдарды бірден байқайды. Шыққан әулетін де бүкіл халық біледі. Оған қоса, ол журналист әрі актриса. Журналист болғандықтан, адаммен кез келген тақырыпта еркін сырласа алады. Актриса болғандықтан түрлі образға ене алады. Сонысымен мені өзіне баурады», – деді бизнесмен «Forbes Kazakhstan» арнасына берген сұхбатында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.