Сот кінәлілерді 10 және 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Түркістан облысында күйеуі досымен бірге мола басында әйелін зорлады
Фото: istockphoto.com
2,046
оқылды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мас күйеуі әйелін «ұрып өлтіремін» деп қорқытып, досымен бірге зиратта жыныстық зорлық көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz EGOV.PRESS telegram-арнасына сілтеме жасап.

«Сарыағаш ауданында мас күйеуі досымен бірге зиратта әйелін зорлады. Сотталушылар кінәні ішінара мойындады және не істеп жатқанын түсінбегенін айтты», – делінген telegram-арнада.

Сот кінәлілерді 10 және 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Қылмыскерлерге қатысты сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.