Таразда құтқарушылар суицидтің алдын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Тараз қаласындағы көпқабатты үйлерінің бірінде ер адам бесінші қабаттың терезесінен секірмек болған.
Бесінші қабатқа тез көтеріліп, бірнеше секунд ішінде апаттық-құтқару құралдарының көмегімен есікті ашқан құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында орта жастағы ер адам құтқарылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.