Болжам бойынша құрғақшылық алдағы он күнде болады.
«Жеті өңірде құрғақшылық болады»: синоптиктер мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com
3,437
оқылды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 14 маусымда арнайы мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мамандар Қазақстанның жеті өңірінде құрғақшылық болатынын болжап отыр. Болжам бойынша құрғақшылық алдағы он күнде болады.

"Атырау облысының аумағы бойынша, Жамбыл облысының Шу ауданында, Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында, Қызылорда облысының Жалағаш ауданында, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында, Ақтөбе облысының Шалқар және Байғанин аудандарында, Түркістан облысының Арыс, Кентау, Отырар және Созақ аудандарында алдағы 10 күнде атмосфералық құрғақшылық болады деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.