Парламент палаталары­ның бірлескен отырысында де­­путаттар «Қазақстан Рес­пуб­­ликасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң­ға енгізілетін түзетулерді бі­­рін­ші оқылымда мақұл­да­ды.
Конституциялық заңға түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады
405
оқылды

 «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәр­­­­тебесі туралы» Консти­ту­ция­лық заңға өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» Конститу­ция­лық заң жобасына Парламент де­путаттары бастамашы болды. Ол Мемлекет басшысының сот тө­релігін атқару сапасын қамтама­сыз ету және судьялардың кәсіби дең­гейін арттыру жөніндегі тап­сыр­маларын іске асыру мақсаты­мен әзірленген. 

Сенаттың Конституциялық заң­­­нама, сот жүйесі және құқық қор­ғау органдары комитетінің тө­рағасы Нұрлан Бекназаров заң жо­басының мақсаты сот жүйесін одан әрі дамыту екенін атап өтті. Ол үшін сот төрелігінің атқарылу са­пасын, судьялар корпусының кә­сіби біліктілігін, олардың жа­уап­­кершілігі мен тәуелсіздігін арт­тыруға бағытталған құқықтық тетіктерді жетілдіру ұсынылады. 

– Заң жобасына енгізілген тү­зе­тулерді 3 бағытқа бөлуге болады. Тү­зетулердің бірінші бағыты Сот жю­риінің жұмысын жетілдіруге ар­налған. Екінші бағыт аясында сот төрелігінің сапасы жөніндегі ко­миссияның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі өзгереді. Үшін­­ші бағыт  судьялардың тәуел­­сіздігін қамтамасыз ету тұр­ғы­­сынан олардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайту­ға қатысты, – деді Сенат депутаты.

Атап айтқанда, судьяларға қа­тысты өрескел заңбұзушылық фак­­тілері бойынша істі қарау ке­зінде Сот жюриімен материал­дар­ды тексерудің жаңа тетігі енг­і­зі­ле­ді. Бұл судьялар тарапынан заң­­­бұзу­шы­лықтарды болдырмауға оң әсе­рін тигізетін болады. Олардың өз­дері сот жюриіне іс жіберілгенге дейін барлық материалмен танысу мүмкіндігіне кепілдік алады. 

Мәжілістің Заңнама және сот-құ­қықтық реформа комитетінің тө­райымы Снежанна Имашева қо­­сымша баяндамасында Консти­ту­ция­лық заң жобасы бойынша ал­­дағы жұмыста қаралатын мә­се­ле­лерге тоқталды. Ол бүгінде де­пу­тат­тар мен Парламент палата-ла­ры­ның комитеттерінен жаңа ұсы­­­ныстар түскенін атап өтті.

– Негізінен, депутаттардың тү­з­е­тулері «заңдылықты өрескел бұ­зу» ұғымын нақтылауға, мате­риал­дарды Сот жюриіне жолдау рә­сіміне және судьяның сот ісін қа­рау кезінде заң талаптарын өрес­кел бұзуына байланысты тәр­тіп­тік іс жүргізуді қарау ережесіне қа­тысты. Сондай-ақ Сот төре­лі­гі­нің сапасы жөніндегі комис­сия­ның құрамына отставкадағы су­дья­ның мүше болуы, шалғай жер­де орналасқан соттардағы бос лауа­зымдарды Сот төрелігі ака­де­мия­сын бітірген тұлғалармен тол­тыру және қазір жұмыс істеп жүр­ген судьяларға арналған әлеу­мет­тік және материалдық кепіл­дік­тер кіреді, – деді комитет бас­шы­сы.

Сонымен қатар Мемлекет бас­­­шысының дербес кассациялық сот­тар құру туралы тапсырмасын орындау үшін Жоғарғы Сот тиісті ұсыныстар дайындады.

Снежанна Имашеваның ай­туын­ша, бұл ұсыныстың барлығы екін­ші оқылымға дейін қаралады.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени да­му және ғылым комитетінің хат­шысы Айнұр Арғынбекова да қо­сымша баяндама жасады.

Пікірталаста мәжілісмен Нұр­сұл­тан Байтілесов пен сенатор Мұ­рат Қадырбек сөз сөйлеп, қара­лып жатқан заң жобасын қолдай­тын­дарын айтты. Мәжіліс депу­та­ты заңнамалық өзгерістер су­­дья­лар жұмысының сапасын арттыруға жә­не олардың тәуелсіздігін қам­та­масыз етуге жағдай жасайтынын атап өтті.

 Дауыс беру қорытындысы бойын­ша Парламент депутаттары «Қа­зақстан Республикасының сот жүйе­сі мен судьяларының мәр­те­бесі туралы» Конституциялық заң­ға енгізілетін өзгерістер мен то­­лықтыруларды бірінші оқы­лым­да мақұлдау туралы шешім қабылдады.

Бұдан бөлек, депутаттар Конс­ти­туциялық заң жобасын екінші оқы­лымға дайындау жөніндегі Пар­ламент палаталарының бір­лес­кен комиссиясының құрамын бе­кітті. Оның құрамына сена­тор­лар арасынан Айнұр Арғынбекова, Нұр­лан Бекназаров, Андрей Лу­кин, мәжілісмендер Снежанна Има­шева (комиссия төрайымы бо­лып сайланды), Абзал Құспан, Үн­зила Шапақ кірді.