Наразылық акциясын Ақтау тұрғындары ұйымдастырған.
Ақтауда алданған тұрғындар блогерлерді жазалауды талап етуде
440
оқылды

Әлеуметтік желі арқылы алданған тұрғындар блогерлерді жазалауды талап етуде,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Үш жыл бұрын олар блогерлердің сөзіне сеніп, арзан бағада телефон сатып алуға ақша салған. Маngystaumedia.kz жазғандай, уәдеге алданған жұрт бірнеше блогерге 100 мың теңгеден астам ақша жіберген.

Алданып қалғандар кәсіпкерді ғана емес, оның қызметін жарнамалағандарды да жазалауды талап етуде.

«Оның алаяқтық схемаларын жарнамалауға атсалысқандардың барлығы қатаң жазалансын», дейді тұрғындар.

Полиция Instagram желісі арқылы жәбірленушілерден 144 миллион теңгеден астам ақша жинаған бір күдіктінің үстінен сотқа дейінгі іс қозғады. Барлық жағдайда күдікті жәбірленушілерге iPhone ұялы телефондарын нарықтағыдан төмен бағамен сатып алуға көмектесетініне сендіріп ақша алған.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Сот күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Құрбандар саны күн сайын артып келеді, күн сайын бізге алданған адамдар жүгінеді», деді Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма басшысы Данияр Төлегенов.