Өрт қатар тұрған көрші үйге де ауысқан.
Ақтөбеде тұрғын үйден шыққан өрттен бір адам зардап шекті
868
оқылды

Ақтөбеде жекеменшік тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Ақтөбеде жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Өрт қатар тұрған көрші үйге де ауысқан.

"Өртсөндірушілердің жедел әрекеттері арқасында өрт шақырған сәттен бастап 39 минуттың ішінде жойылды. Өртенген жердің жалпы ауданы 160 шаршы метр. Өрттің салдарынан денесін 1-2 дәрежелі термикалық күйік шалған 1960 жылы туған үйдің иесі ауруханаға жеткізілді",  делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.