Прокурор И.-ге ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігімен 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұрады.
Шымкентте 11 жастағы ұл баланы зорлаған ер адамға қандай үкім шықты
998
оқылды

15 мамыр күні Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігімен ("Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық") айыпталған И.-ге қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды,  деп жазады Aikyn.kz.

2023 жылдың қазан айының соңында И. Шымкентте 2013 жылғы 23 шілдеде туған М.-нің дәрменсіз күйін пайдаланып, оған қатысты бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасаған.

"Сот И.-ді ҚК-нің 121-бабы  4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді", делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.