Кәсіпкер 250 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындауы керек.
Павлодарда нан сататын дүңгіршекте егеуқұйрық өріп жүр
898
оқылды

4 маусымда Павлодар қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Назарбаев көшесі бойында тұрған "Тандырный дворик" дүңгіршегіндегі нан-тоқаш өнімдерінің үстінен егеуқұйрық жүгіріп жүргені туралы шағым түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Рavlodarnews.kz жазғандай, басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс үшін кәсіпкерлік нысанға барды.

"Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды", –  деп хабарлады басқарма.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы  1-бөлігіне және 463-бабы 1-бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды.