Қыздар ересектердің қарауынсыз, жабдықталмаған жерде шомылған.
Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті
Фото: istockphoto.com
818
оқылды

Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті. Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз, жабдықталмаған жерде шомылған.

«Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.