Атырау-Доссор тасжолының 494-разъезд тұсында КамАЗ, ПАЗ-32053 және Daewoo Nexia көліктерінің қатысуымен жол апаты орын алды.
Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, шетел азаматы қаза тапты
2,416
оқылды

Атырау облысындағы Атырау-Доссор тасжолында үш көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жол апатынан өзбекстандық азамат оқиға орнында қаза тапқан.

"15 маусым күні сағат 06:30 шамасында Атырау-Доссор тасжолының 494-разъезд тұсында КамАЗ, ПАЗ-32053 және Daewoo Nexia көліктерінің қатысуымен жол апаты орын алды. Салдарынан Өзбекстан елінде тіркеуде тұрған Daewoo Nexia автокөлігінің 1973 жылы туған жолаушысы, өзбекстандық азамат оқиға орнында қаза тапты", – делінген хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.