2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз, жабдықталмаған жерде шомылған.
Қостанай облысында екі жасөспірім қыз өзенге батып кетті
556
оқылды

Қостанай облысындағы Үй өзеніне екі жасөспірім батып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінен жазғандай, қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болған.

2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз, жабдықталмаған жерде шомылған.

Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.

ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.