Бүгін ауа райы қандай болады?
Бұршақ, жаңбыр, аптап ыстық: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы
801
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 17 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ел аумағының басым бөлігі әлі де атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады, дауыл соғады.

Республиканың солтүстік аймағында нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, қатты жел тұрады.

Қазақстанның оңтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша жел күшейеді.

Күндізгі уақытта Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай облыстарында, Ұлытау мен Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында аптап ыстық сақталады.

Ұлытау, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола, Жетісу, Абай, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында жоғары өрт қаупі бар.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.