Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында Қытайда сотталған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы мәлімет берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. inform.kz-ке сілтеме жасап.
«Соңғы 6-7 жылда әлеуметтік желіде неше түрлі ақпарат шықты. Біреуін де растаған жоқпыз. Сондықтан оған қатысты ақпаратты растай алмаймын. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Бас прокуратураға хабарлассаңыз болады. Экстрадицияға осы мемлекеттік орган жауап береді», – деді ол.
БАҚ өкілдері Сыртқы істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбаймен соңғы рет қашан байланысқанын сұрады.
«Біз байланыстамыз, жағдайы жақсы», – деді Айбек Смадияров.
Ал «Ол туысқандарымен қанша рет кездеседі?», – деген сұраққа: «Оны бізге айтқан жоқ», – деп жауап берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.