Бастапқыда өзін әлсіз сезініп, қызуы көтерілген сарбаз Гвардейск гарнизонындағы әскери госпитальдің жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген.
Жамбыл облысында сарбаз комаға түсті: Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады
Фото: Қорғаныс министрлігі
3,812
оқылды

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында сарбаз комаға түсуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Министрліктің хабарлауынша, 2024 жылғы 9 маусымда Жамбыл облысының Қордай аудандық орталық ауруханасына Гвардейск гарнизонының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі шұғыл жатқызылды. Бастапқыда өзін әлсіз сезініп, қызуы көтерілген сарбаз Гвардейск гарнизонындағы әскери госпитальдің жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген.

«Медициналық тексерулер мен зерттеулер әскери қызметшіден екіжақты полисегментті пневмонияны анықтады. Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қазір оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Сонымен бірге ол жерде Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталінің құрамына анестезиолог, реаниматолог және терапевт дәрігерлер кіретін көшпелі бригадасы жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.

Әскери қызметші емдеу мекемесіне түскен кезде оның денесінен көгерген немесе жарақаттану іздері болмаған.

Мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты келісімшарт бойынша әскери қызметші тарапынан билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ІІМ Әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар жария етілмейді. Іс Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ерекше бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында сарбаздың комаға түсуіне қатысты Қорғаныс министрлігіне тапсырма берген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.