Азаматтар партияға түрлі мәселе бойынша жүгінуде. Атап айтқанда, өткен аптада су тасқынынан зардап шеккен адамдарға өтемақы төлеу және Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізу, Үштөбе қаласындағы бау-бақша серіктестіктері мен білім ошағын сақтап қалу, Семейдегі балалар ауруханасында болған проблема және дәрілік препараттарды таңбалау сияқты бірқатар маңызды мәселе көтерілді.
Сонымен қатар мобильді қоғамдық қабылдаулар Шығыс Қазақстан облысының Өрел және Аршаты ауылдарында және Батыс Қазақстан облысының Казталов кентінде азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді. Тұрғындар балаларды емдейтін тіс дәрігерлерінің, балаларға арналған ойын алаңдарының болмауы, сумен жабдықтау, ұялы телефон байланысы, сондай-ақ ақбөкендердің санын реттеу сынды өзекті мәселелерге назар аударды.
Өткен аптада «AMANAT» партиясының ел аумағындағы қоғамдық қабылдау алаңында 1 112 адам қабылданып, 1 688 өтініш келіп түсті.