Әнші Ақбота Керімбекова «Аппақ гүлдер» әнін қосып, адамдарды емдеген емшінің әрекетіне ашуланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған бейнежазбадан бір топ адам ән ырғағына теңселіп билет тұрғанын байқауға болаты.
“Бәрін көрдім” деуге болмайды, десек те маңдайымызға жазылған өнер жолының дәм-тұзы бұйырып, көп нәрсеге қанықтық. Бірақ, дәл мынадайды көру үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Әннің көңілге демеу, жанға медеу болатыны рас, солай екен деп дәл осылай жасауға бола ма?! Аңқау елге арамза молда болғандардың ақыры жақсы болғанын көргенім жоқ. Адамдар бірнәрсеге тәуекел етіп немесе бірнәсеге кірісу үшін ақырын неге ойламайды екен осы?.. Әбден сарсаңға түсіп, қажығандарды, жанына тыныштық, дертіне дауа іздегендерді сендіру, көндіру оңай… Мына үкілі кісінің алдында тұрғандар да бір ғажайыпқа сеніп келген шығар. Оларды жазғыра алмаймын, қателік жасағанды табалау еш заманда да дұрыс болмаған. Ал, енді “Аппақ гүлдетіп” тұрған кісіге Құдай сана берсін. Қасиетті кісілердің есімдерін қор қылды-ау… Сырдағы Серік Ыдырысов ағам айналасына “Ақылыңды жойма, ақырыңды ойла”, деп отырушы еді… Ай, өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау! Екінші трансында марқұм Нәби екеуміз орындаған “Ақ шағала” дейтін әннің музыкасына салып алып, ұрып тұрғаны-ай”, – деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.