Солтүстік Қазақстан облысында ең төменгі режимдегі колониядан қашып кеткен сотталушы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Qyzyljarnews.kz жазғандай, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Ольшанка ауылындағы колониядан 38 жастағы сотталушы қашып кеткен. Сотталушы көлік ұрлау және ұрлық үшін үш рет істі болған, ол екінші рет жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеген.
«2022 жылдың маусым айында шөп шабатын тракторды, сонымен қатар ауыл тұрғындарының түрлі металл бұйымдары мен жүк көлігін ұрлағаны үшін 4,5 жылға сотталды. Осы жылдың 8 сәуіріне дейін жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп, кейін ең төменгі режимдегі колонияға ауыстырылған көрінеді», - делінген ақпараттық агенттігінің материалында.