Доллар қымбаттап барады.
Бүгінгі бағам: доллар, рубль, теңге
3,249
оқылды

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 452-457 теңгеден саудаланып жатыр, – деп жазады  Aikyn.kz сайты.

Ұлттық банктің 18 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 452,92 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,12 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452-457 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 453,5-455,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97-5,12 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 17 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,02 теңгеге қымбаттап, 453,06 теңге болған.