Күн ыстықта сүт өнімдерін, кремі бар кондитерлік өнімдерді және жұмыртқаны тұтыну қауіпті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы жұқпалы аурулар дәрігері Владимир Неронов ескертті.
– Бұл тағамдар өте тез бұзылады, яғни тамақтан улану қаупі өте жоғары. Тамақтанар алдында қолыңызды жуыңыз және көп пісірмеңіз, тағамды бір күнге ғана дайындаған дұрыс, – деді Владимир Неронов.
Ол азық-түлік сатып алу кезінде жарамдылық мерзімін тексеру өте маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ тексерілмеген көздерден су ішуге болмайтынын ескертті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.