Оқиға орнына Қарағанды облысы бойынша ТЖМ апаттық медицина орталығының құтқарушылары көмекке шықты.
Қарағанды-Балқаш тасжолында жол апатынан екі адам қайтыс болды
Фото: Қарағанды облысы ТЖД
1,055
оқылды

Қарағанды-Балқаш тасжолында болған жол апатынан екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Hyundai Starex көлігінің жүргізушісі жолдағы үйіндіге соғылған. Салдарынан екі адам қаза тапты, төртеуі жарақат алып, Балқаш қаласының Орталық ауруханасына жеткізілді. 

Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, апат 18 маусымда сағат 1:11-де Қарағанды-Балқаш тасжолының 749 шақырымында, Ақшатау маңында болған.

Оқиға орнына Қарағанды облысы бойынша ТЖМ апаттық медицина орталығының құтқарушылары көмекке шықты.

«Құтқарушылар келгенге дейін екі зардап шегуші қайтыс болды. Олардың жарақаттары өте ауыр болған. Төрт зардап шегуші аман қалды. Олардың ішінде үш бала — 6, 9, 15 жаста және 44 жастағы ер адам бар. Балаларға және ер адамға оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілді. Белгілі болғандай, 44 жастағы ер адам ауыр жағдайда», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.