Жезқазған қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы үш тілді меңгерген жастарды анықтап, қолдау мақсатында 2024 жылғы 23 ақпанда «Тілдарын» байқауын ұйымдастырып, өткізді. Аталған шараға колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысып, өз бақтарын сынады.
16 сәуірде Ұлытау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ресурстық тілдерді дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақты білім кеңістігінде еркін самғату, әлемдік ғылым құпияларына үңілту, өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау мақсатында «Көп тіл білген – көпті ілер» атты облыстық тілдер кеші өткізілді. Кешке Ұлытау облысының қала-аудандарының полиглот жастары қатысты.
Жезқазған қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы мекемесі 14 наурызда Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлерімен «Мемлекеттік тіл – сот өндірісінде» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізді. Ақпараттық кездесуге Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судья А.Ержанова және сот мамандары қатысты.
Кездесуде «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының директоры орталық жайлы ақпарат бере отырып, қазақ тілі және ағылшын тілінен 24 сағаттық және 3 айлық курс өткізілетінін атап өтіп, сот мамандары тегін курсқа шақырылды.
Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ресурстық тілдерді дамыту орталығы» мекемесі 15 наурызда «Көрнекі ақпараттағы көкейкесті мәселелер» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинар барысында «Qaz Лингва» орталығының жетекшісі, Қарағанды ресурстық тілдерді дамыту орталығының «Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру» әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша жұмыс тобының мүшесі Гүлназ Мұстағұлова «Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру», Сәтбаев қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мадинат Игенберлина, «Көрнекі ақпарат тіліндегі сауаттылық», жезқазған қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының директоры Ақгүл Ошағанова «Жарнамалық көрнекі ақпарат-қала келбеті», Ұлытау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Ресурстық тілдерді дамыту орталығының» мониторинг және ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі Жұлдыз Қасым «Көрнекі ақпараттың бүгінгі көрінісі» деген тақырыпта баяндама жасады.
Сонымен қатар Жезқазған қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы ZOOM платформасы арқылы Ұлытау облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Мамыр айында Жезқазған қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – ұлттық сананың қайта жандануына жол» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Еліміздегі күрделі су тасқыны зардабына байланысты Мемлекет басшысы бюджет қаражатын үнемдеп, Қазақстандағы имидждік және басқа да ірі іс-шараларды азайту тапсырмасын орындау мақсатында, басқарма бойынша 272 млн теңге бюджетке қайтарылды. Сол себепті биыл қазіргі уақытқа дейін аталған бағдарламаның 114 – тармағы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылмады.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,
Ұлытау облысы