Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танымал қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкеге қуаныш сыйлады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мерген есімді ер адам — үш баласы бар жалғызбасты әке. Ол ұлы үшінші топ мүгедегі екенін айтады.Бүгінде балаларымен пәтер жалдап тұрып жатыр. Жақында жұбайы өмірден өткен. Ол көз алдынан әйелінің елесі әлі күнге дейін кетпегенін айтады.
"Әлі келетіндей болып тұрады маған. Мәңгілік жүректе қалды ол кісі. Балаларым анасын іздейді. Үйде отырған кезде сыртқа шығып кетемін, қорада жылаймын. Ол сөзді естіген сайын жүрегім ауырады", - дейді Мерген.
Қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкенің және баласының еміне қаражат берді. Сонымен бірге қалаған кәсібін ашуға көмектесуге уәде беріп, үйдің кілтін табыстады.
Мұндай тосынсыйды күтпеген ер адам көз жасына ерік берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.