Меморандум сыбайлас жемқорлықтың барлық көрінісіне қарсы ымырасыз күрес жүргізу саясатын жан-жақты қолдауға шақырады.
«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының алдағы жоспары анықталды
776
оқылды

"Жаңару" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы еліміздегі бірнеше басылым редакторларының басын қосты. Жиын барысында меморандумға қол қойылды. 

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық республикалық қоғамдық бірлестігінің»  төрағасы – Мэлс Семғалиев. Бірлестік құрамында «Нұр-Медиа» холдинг директоры Бахтияр Макен, «Бас редакторлар клубының» хатшысы  Бибігүл Құламан, «ELORDA Aqparat» бас директоры Олжас Сыдықбек, «Қазақ газеттері» бас редакторы Дихан Қамзабекұлы, «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр, «Túrkistan» газетінің  бас редакторы  Бауыржан Бабажанұлы бар.

Меморандум сыбайлас жемқорлықтың барлық көрінісіне қарсы ымырасыз күрес жүргізу саясатын жан-жақты қолдауға шақырады. Сонымен қатар меморандумды жүзеге асыру барысында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте күш-жігерді біріктіруге, сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған іс-шараларға азаматтардың белсенді қатысуына, ақпараттарды алмасуда белсенділік танытуға, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылмаған заңды тұлғалар мен азаматтардың құқығын шектеуге байланысты кедергілерді жоюға ықпал етуге міндетті. 

Басқосуға болашақ журналистер де қатысты. «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық республикалық қоғамдық бірлестігінің»  төрағасы Мэлс Семғалиев алдағы жоспар туралы айтты.

«Қазақстандағы БАҚ қызметкерлерінің күніне орай журналистермен кездесу ұйымдастырып жатырмыз. Оның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамымызға мемлекеттік органдарға тереңнен тыс еніп кеткеннен кейін осы проблеманы қалай бірігіп шешуге болатынын біліп, осы мәселені бірігіп талқылып, бір мәмілеге келеміз деген жоспарымыз бар», - дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.